Алматыда биыл неліктен жарты миллион шаршы метрге аз тұрғын үй салынады

© Sputnik/Ертай СарбасовСтроительство в Алматы
Строительство в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2024
Жазылу
Мегаполисті дамытудың жаңа бас жоспары тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын күшейтті
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Алматыда биыл өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үй құрылысы қысқарады, деп хабарлады әкімдік.
2024 жылы жаңа талаптарды ескере отырып, 2 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, 2023 жылы 2,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы аталған шаралар өткен жылдың тамыз айында президент берген тапсырмаларды орындау аясында жүзеге асырылып жатқанын айтты.
"Қала құрылысы бойынша жаңа талаптар Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес белгіленіп, қаланы полицентрлік дамытуға бағытталған", - деп хабарлады әкімдік.
Бас жоспарда тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейтуге, нүктелі құрылысты болдырмауға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, орташа қабатты құрылысқа (5-6 қабат) көшуге мән берілген.
Айта кетері, жаңа Бас жоспар жеті негізгі қағидатқа негізделген:
жайлы қалалық орта,
тұрақты экономикалық өсім,
басқарылатын урбанизация,
әлеуметтік тұрақтылық,
цифрландыру,
қауіпсіздік,
Алматыға "Бақ қала" мәртебесін қайтару.
Жаһандық құжат тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық қала тұрғыны үшін инфрақұрылымы дамыған және қолайлы ортасы бар қолайлы мегаполис ретінде Алматының тұрақты теңгерімді дамуын қамтамасыз етеді.
Жаңалықтар
0