Алматыдағы классикалық ат жарысында қазақстандық тұлпарларға басымдық беріледі

© Photo : Ержан КайрАлматыда клсассикалық ат жарысына 200-ден астам тұлпар қатысады
Алматыда клсассикалық ат жарысына 200-ден астам тұлпар қатысады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2024
Жазылу
Дүбірлі дода Алматының ипподромында өтеді
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. 1 мамырда биылғы классикалық ат жарысының ашылуына 200-ден астам тұлпар қатысады. Sputnik Қазақстан тілшісі Алматының ипподромында өтетін жарыстың ерекшелігі қандай екенін біліп қайтты.
Биылғы маусымда классикалық ат шабысына қатысатын тұлпарлардың саны бұған дейінгіден әлдеқайда көп.
"Биылғы жарыс өте қызықты болады. Қазірдің өзінде 200-ден астам өтінім берілді, яғни 200-ден астам тұлпар биылғы жарыс маусымына қатысады, бұл маңызы зор дүние. Жалпы бұндай жарыс 2002 жылдан бері өтіп келе жатыр, барған сайын тұлпарлардың саны да, сапасы да артып келеді", - дейді Qazaq Jockey Club гандикапері Владислав Цой.
© Photo : Ержан КайрВладислав Цой
Алматыда клсассикалық ат жарысына 200-ден астам тұлпар қатысады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2024
Владислав Цой
Қазір жылқы сатып алып, бағы мен бабын келтірумен айналысатын қазақстандықтар саны артқан.
"Жылқының сапасы да жылдан жылға жақсарып келеді. Қазақстанға Еуропадан, АҚШ-тан сатып алынған көптеген жылқы келді. Сондай-ақ Франция, Германия, Польша және Англиядан әкелінген тұлпарлар да бар. Әрқайсының шығу тегі, карьерасы өте қызықты, алуан-алуан тарих. Жүйрік класты жылқылар бар, олар Алматы ипподромының алаңында өте қызықты нәтижелер көрсетуі мүмкін", - дейді Владислав Цой.
Мамандардың айтуынша, жарыста шетелден әкелінгендерге ғана емес, қазақстандық тұлпарларға да басымдық беріледі.
"Бірінші кезекте осы Қазақстаннан шыққан жылқыларға назар аударылады. Жалпы бұл жолғы жарысқа Уэст Кост Найт, Олжахан, Флетчер, Идиллия, Юниана сияқты шашасына су жұқпаған жүйріктер қатысады", - дейді Club Qazaq Jockey Club гандикапері.
Мамандардың айтуынша, жарысқа қатысатын жылқылар көп болса аламан да қызықты болады. Тұлпар десе ішкен асын жерге қоятын талай жанкүйер бұл күнді асыға күтуде.
© Photo : Ержан КайрАлматыда классикалық ат жарысына 200-ден астам тұлпар қатысады
Алматыда клсассикалық ат жарысына 200-ден астам тұлпар қатысады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2024
Алматыда классикалық ат жарысына 200-ден астам тұлпар қатысады
"Бұл жолғы жарыста сан емес, сапа да көрінеді. Негізі біз үйде өсірілген, яғни Қазақстан Республикасында туған жылқыға көп көңіл бөлеміз. Бір қуантарлығы Қазақстанда туған жүйріктердің саны жыл сайын артып келеді, сонымен қатар олардың сапасы да мықты. Өйткені жылқы өсірушілер ойластырылған жоспармен жұмыс істейді. Мысалы керемет айғырларды іріктеп әкеледі, сонымен қатар биенің сапасы да жыл сайын артып келеді", - дейді Владислав Цой.
Еске сала кетейік, Қазақстанды әлемге танытқан жүйрік Кабирхан талай жокейдің делебесін қоздырып, талай атбегінің шабытына қамшы басты. Бастысы Қазақстан да тұлпар өсіруден құр алақан емес екенін әлем мойындады. Сол Кабирхан Алматының ипподромында алғашқы қадамын басқан тұлпар. Қазіргі күні Кабирхан – Дубай кубогында үш фовориттің бірі.
© Photo : Ержан Кайр

Алматыда классикалық ат жарысына 200-ден астам тұлпар қатысады

Алматыда классикалық ат жарысына 200-ден астам тұлпар қатысады - Sputnik Қазақстан
1/2

Алматыда классикалық ат жарысына 200-ден астам тұлпар қатысады

© Photo : Ержан Кайр

Алматыда классикалық ат жарысына 200-ден астам тұлпар қатысады

Алматыда классикалық ат жарысына 200-ден астам тұлпар қатысады - Sputnik Қазақстан
2/2

Алматыда классикалық ат жарысына 200-ден астам тұлпар қатысады

1/2

Алматыда классикалық ат жарысына 200-ден астам тұлпар қатысады

2/2

Алматыда классикалық ат жарысына 200-ден астам тұлпар қатысады

Тағы бір мақтанышымыз – қазақстандық жокей Бауыржан Мырзабаев. Қазіргі күні жапондар қолқа салып, жерлесіміз әлемдік ат жарысында өнер көрсетеді. Қазақтың шабандоз баласына бір жапон емес, Еуропаның бар аймағынан өтініш түседі. Бұл да тұлпар баптап, жарысқа қосып, ат құлағында ойнаудан қазақтың шебер екенін дәлелдейтін ең маңызды тұстарымыздың бірі. Ол әлемдік ат жарыстарында ең мықты деген тұлпарларға шабандоз болып жүр.
"Біз, әрине, Бауыржанға да, Кабирханға да Қазақстан үшін Дубай әлем кубогында лайықты өнер көрсетуіне тілектеспіз. Мұндай әлемдік жарысқа жокейіміз бен тұлпарымыздың қатысып жатқаны біз үшін үлкен жетістік. Өйткені олардың жетістіктері ат индустриясы үшін жақсы серпін береді. Олардың арқасында бізді әлем таниды. Сондай-ақ қазақстандық жокей клубының күш-жігерін дамытып жатырмыз, жокей клубымызды халықаралық федерацияға кіргізу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Шетелде бір өзіне 7-8 адам қызмет көрсететін тұлпарлар бар, дейді Владислав Цой. Оның айтуынша, ондай жүйріктер Қазақстанда да жеткілікті. Жылқы мамандарының айтуынша, Қазақстандағы ат индустриясы болашақта қарыштап дамиды, нәтижесінде мыңдаған адамға жұмыс орны ашылып, мыңдаған тұлпар әлемдік жарыста Қазақстанның намысын қорғайды.
Ал ат десе орнынан атып тұрып, шабыты қозатын қонақтар мен қала тұрғындарын 1 мамырда Алматы ипподромында ерекше классикалық ат жарысы күтіп тұр.
Жаңалықтар
0