Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы энергетика нысандарын қалпына келтіруге қанша уақыт кетеді

© Sputnik / Алексей ФурманКиев, қала келбеті
Киев, қала келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2024
Жазылу
Украинадағы энергетика нысандарын қалпына келтіруге қанша уақыт кететіні белгілі болды
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Украинадағы бұзылған жоғары вольтты желілер мен энергия өндіруші нысандарды қалпына келтіру жұмыстары 2-2,5 жылға созылуы мүмкін, деп хабарлады энергетикалық зерттеулер орталығының директоры Александр Харченко.
"Ақау көп. Жоғары вольтты желілерде де, генерация нысандарында да ақау бар. Біз оларды 2-2,5 жыл бойы қалпына келтіреміз", - деді Харченко жалпы украиналық телемарафон эфирінде.
22 наурызда Ресей қарулы күштері Украинадағы энергетика және әскери нысандарға зымыран және ұшқышсыз ұшақтармен жаппай шабуыл жасады, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.
"Укрэнерго" ұлттық энергетикалық компаниясының басшысы Владимир Кудрицкий Украинаның энергетикалық жүйесі ең ірі шабуылға ұшырағанын айтты. Оның айтуынша, елдегі бірқатар жылу және су электр станциясына бірлескен шабуылдар жасалған.
Украинаның энергетика министрлігі энергетикалық жүйеге жасалған шабуылдарды соңғы уақыттағы ең ірі шабуыл деп атады. Бірқатар өңірде төтенше және апатты жағдайда электр энергиясын беру тоқтады.
Жаңалықтар
0