Абай облысында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

© ішкі істер министрлігіАбай облысында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Абай облысында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Жазылу
Зардап шеккендер көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес
АСТАНА, 29 наурыз - Sputnik. Абай облысы Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Аягөз ауданының азаматтары МТЗ 82 маркалы тракторымен "Шалқар" шаруа шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай бет алған. Трактор көлігіндегі екі ер адам жолды қысқарту үшін өзенді кесіп өтпек болған. Алайда су деңгейінің көтерілуіне байланысты, олар өзеннің ортасында қалып қойған, бүгінгі күні аталған азаматтардың нақты қайда екені белгісіз күйде қалып отыр.
Сондай-ақ, 23 наурыздан бері Аягөз өзенінен өтпек болып, аттан суға құлап кеткен 46 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Зардап шеккендер көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес.
Жаңалықтар
0