Ақтөбе облысының орталығы мен үш ауданында төтенше жағдай жарияланды

© Photo : Скрин видео МЧС РКВода залила дорогу в Актобе
Вода залила дорогу в Актобе - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Жазылу
Алты ауданнан 3 мыңға жуық адам эвакуацияланды
АЛМАТЫ, 29 наурыз - Sputnik. Бірінші вице-премьер Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Бір күн бұрын қойма еріген қар суына толып кетті. Қоймадағы суды ағызып жіберу кезінде Елек және Қарғалы өзендерінің бойында орналасқан Ақтөбе қаласының саяжайы су астында қалды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта су қоймасы 100%-ға толып кеткен.
Скляр су қоймасының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізуді, ал төгу бойынша барлық жұмысты жергілікті атқарушы органдармен келісуді тапсырды.
Бүгінгі жағдай бойынша:
Ақтөбе қаласы мен Қобда, Мұғалжар, Темір аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды;
6 ауданда электр қуаты апаттық жағдайда ажыратылды, 200-ге жуық үй су астында қалды, 2870 адам эвакуацияланды.
Ақтөбе облысына Маңғыстау облыстық ТЖД және екі әскери бөлімнің күштері мен құралдары жіберілді, олардың жалпы саны 220-ға жуық жеке құрам және 25-тен астам техника бар.
Өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 1735 адам жұмылдырылды, 350 техника мен 62 мотопомпатартылған.
Су тасқыны кезінде зардап шеккендерге үкімет пен әкімдіктер тарапынан қажетті көмек көрсетілетіні айтылды.
На вертолете МИ-8 проведено аэровизуальное обследование паводкоопасных мест Восточно-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Шығыс Қазақстанда құтқарушылар тұрғындарды қайықпен тасымалдап жатыр
Жаңалықтар
0