Су тасқыны: Қостанай облысында зардап шеккен халыққа әлеуметтік көмек көрсетіле бастады

© Sputnik / Елена БережнаяПаводок побил рекорды нескольких лет в СКО
Паводок побил рекорды нескольких лет в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Жазылу
Шығынды жергілікті бюджет есебінен өтеу үшін зардап шеккендерден өтініштерді қабылдау жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлердегі су тасқынына қарсы іс-шаралар жөнінде Арқалық қаласында жедел штаб отырысын өткізді.
Барлық зардап шеккен халыққа әлеуметтік көмек көрсету басталды.
"Зардап шеккендердің барлығына жедел түрде әлеуметтік көмек көрсету қажет. Халық күтіп отырмауы үшін бүгін барлық үйлерді аралаңыз!" - деп тапсырды Құмар Ақсақалов.
29 наурыз жағдай бойынша барлық үш өңірде залалды өтеу жөніндегі аудандық комиссиялар құрылып, құрамына барлық қажетті уәкілетті органдар кірді. Шығынды өтеу бағалау жүргізілгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Барлық үш аудан үшін бағалаушы болып белгіленген "Стелла" ЖШС-мен келісім-шарт қол қою кезеңінде тұр.
Шығынды жергілікті бюджет есебінен өтеу үшін зардап шеккендерден өтініштерді қабылдау жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, су тасқынынан неғұрлым көп зардап шеккен "Қызыл жұлдыз" ауылының тұрғындарынан 185 өтініш жиналды. Оларға демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен отбасының әрбір мүшесіне 100 мың теңге, барлығы 18 500 мың теңге сомасында жедел көмек көрсету туралы шешім қабылданды.
Жергілікті атқарушы органдар халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Облыс басшылығы халыққа келтірілген залалды өтеу мәселелері жөнінде кездесулер өткізді.
Аркалык - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Қостанай облысының екі ауданы мен Арқалық қаласында төтенше жағдай енгізілді
Жаңалықтар
0