Елена Рыбакина Майамиде өткен турнирдің финалында күтпеген жерден жеңіліп қалды

Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2024
Жазылу
Рыбакина турнир қорытындысы бойынша әлемдік рейтингідегі төртінші орынды сақтап қалды
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Әлемнің төртінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өткен WTA-1000 санатындағы турнирдің финалдық кездесуінде әлемнің 53-ші ракеткасы Даниэль Коллинзден 7:5, 6:3 есебімен сенсациялық түрде жеңіліп қалды.
Айта кетері, бұл америкалық үшін осы санаттағы турнирдің алғашқы финалы болды. Теннисшілер кортта 2 сағат 04 минут өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, спортшылардың бұл корттағы бесінші жеке кездесуі болатын. Бұған дейін Елена Рыбакина үш рет жеңіп, бір-ақ рет ұтылған.
2024 жылдың басында Коллинз маусымнан кейін карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жеңімпазы атанды
Жаңалықтар
0