Қанат Бозымбаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болды

© Sputnik / Владислав ВодневҚанат Бозымбаев
Қанат Бозымбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2024
Жазылу
Ол осы лауазымға тағайындалғанға дейін президенттің кеңесшісі қызметін атқарды
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Қанат Бозымбаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Қанат Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік етеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
Еске сала кетейік, кеше кешке өткен шұғыл жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан көп зардап шеккен аймақтардың әкімдерімен премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынақатаң сөгіс жариялады.
Қанат Бозымбаевтың өмірбаяны
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматы қаласында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының "Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау" факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы "Эдем ЛТД" ЖШС-де экономист болып бастады.
1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі болды.
1998 – 2000 жылдар аралығында Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мұнай және газ департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2000 жылы – Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
2001 жылы "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті, 2001-2007 жылдары "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының президенті;
2007 – 2008 жылдар аралығында "Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" АҚ басқарма төрағасы;
2008 – 2009 жылдар аралығында "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы;
2009 – 2013 жылдар аралығында – Жамбыл облысының әкімі;
2013 – 2016 жылдар аралығында – Павлодар облысының әкімі;
2016 – 2019 жылдар аралығында – энергетика министрі;
2019 жылы желтоқсаннан 2021 жылғы қарашаға дейін – президент көмекшісі;
2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы маусымға дейін – Алматы облысының әкімі.
2023 жылдың 4 қыркүйегінен бүгінге дейін - президенттің кеңесшісі болды.
Жаңалықтар
0