Сенат төрағасы Ватикан мен Италияға барады

© Sputnik/Ертай СарбасовВ Туркестане начался I межпарламентский форум
В Туркестане начался I межпарламентский форум - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2024
Жазылу
Сапар барысында Әшімбаев Рим папасы Францискпен кездеседі
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ватикан мен Италияға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"2024 жылғы 4-5 сәуірде Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Ватикан мемлекеті мен Италия Республикасына жұмыс сапары жоспарланып отыр", - деді ол сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
Сапар барысында Әшімбаевтың Рим папасы Францискпен аудиенциясы, Италия парламенті сенатының төрағасы Иньяцио Ла Руссамен және Қасиетті Тақтың дінаралық диалог бойынша дикастериясының префекті, кардинал Мигель Аюсо Гиксотпен кездесулері жоспарланған.
Сондай-ақ сенат спикері "Біздің ортақ үйіміз: Жаратушының берген сыйын сүю және аялау" атты дөңгелек үстелге қатысады.
Жаңалықтар
0