Өңірлер

Бес облыс су басу аймағында қалып отыр – ТЖМ

© Photo : Пресс-служба мажилиса парламента Казахстана Паводки в регионах Казахстана. Весна 2024 года
Паводки в регионах Казахстана. Весна 2024 года  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2024
Жазылу
Су тасқыны басталғалы бері 16 мыңға жуық дам эвакуацияланған
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов елде су тасқыны жағдайы тұрақты, бірақ күрделі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Су тасқының жағдайы тұрақты-күрделі. Батыс аймақтарда су аздап төмендеді, ал орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды көтерілуі байқалады. Су басу аймағында 5 облыс қалып отыр, әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жариялады", - деді Сыздықов үкімет отырысында.
Вице-министрдің айтуынша, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталып отыр. Бұл жерлерге дереу күштер мен құралдар жұмылдырылды. Өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Су тасқыны басталғалы бері 15 мың 786 адам эвакуацияланған, оның ішінде 6 мың 187 бала (Ақтөбе, Қостанай, БҚО, Ұлытау, Абай, Ақмола, Атырау, Қарағанды, СҚО, Түркістан, Алматы, Павлодар).
Қазір уақытша орналастыру пункттерінде 4 113 адам, оның ішінде 1 911 бала (Ақтөбе, БҚО, Ақмола, Атырау, Қостанай) бар. Олар үшін барлық қажетті жағдай жасалған.
Сыздықов су тасқыны белсенді кезеңге өтпеген елді мекендерде алдын алу шаралары күшейтілгенін атап өтті.
Канат Бозумбаев прибыл в Карагандинскую область изучать паводковую ситуацию - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2024
Қарағанды облысында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін
Жаңалықтар
0