Елордадағы проблемалық тұрғын үйлердің құрылысы маусым айының соңына дейін аяқталады

© Sputnik/Ертай СарбасовСтроительство в Алматы
Строительство в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 сәуір - Sputnik. Елордада ұзаққа созылған тұрғын үйлер құрылысын аяқтау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайы қала әкімінің баспасөз қызметі.
"2019 жылы қала бойынша 150-ден астам проблемалы үй болса, 2023 жылдың басында ұзаққа созылған үйлердің құрылыс саны 4 087 үлескердің санымен 32-ге дейін қысқарды.Осылайша, 2024 жылға дейін 140-тан астам тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды және үлескерлерге пәтер кілттері берілді", - делінген хабарламада.
2024 жылы бұл мәселе толық шешіледі. Тағы 9 нысан бойынша үлескерлерге кілттерді блокпен тапсыру алдағы айларға жоспарланған, яғни проблемалы деп танылған барлық нысан 2024 жылдың бірінші-екінші тоқсанында аяқталады.
"Ақпан айында "Future home" көппәтерлі тұрғын үй кешенінің тұрғындары көптен күткен кілттерін алды. Оның құрылысы 11 жыл бойы жүргізілді. Құрылысы 2013 жылы басталған нысан 2017 жылы проблемалы деп танылды. Үлескерлердің саны 200-ге жуық отбасын құрайды", деп хабарлайды әкімдік.
Үлестік құрылыс нысандарының аяқталуы мемлекет басшысының бақылауында.
Жаңалықтар
0