Су тасқынына байланысты прокуратура үш облыста сотқа дейінгі тергеуді бастады

© SputnikГенеральная прокуратура РК
Генеральная прокуратура РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2024
Жазылу
Жергілікті атқарушы органдар біржолғы материалдық көмек төлеуге кірісті
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Прокуратура органдары нақты елді мекендерді су басу, жолдардың, көпірлердің, гидротехникалық және басқа да объектілердің қирау себептерін белгілейді.
Бас прокуратураның мәліметінше, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспарлардың уақытылы орындалуы мен толықтығы зерттеліп жатыр.
Оның қорытындысы бойынша әрбір уәкілетті органның қызметіне тиісті құқықтық баға беріледі.
"Бүгінгі таңда прокурорлар Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеруді бастады" – делінген ведомство хабарламасында.
Әрбір зардап шеккен отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық көлемде көмек көрсетіледі.
Бұл мәселе прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Жергілікті атқарушы органдар біржолғы материалдық көмек төлеуге кірісті.
Бас прокуратура қалыптасқан жағдай аясында халық пен БАҚ-ты жалған ақпарат таратудан бас тартуға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Жаңалықтар
0