Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Харьковты әуе шабуылынан қорғау қиын болып тұр – Зеленский

© AP Photo / Efrem LukatskyВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский кешкі үндеуінде Харьков қаласын әуе шабуылдарынан қорғау қиын болып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Украинада әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері жеткіліксіз екені анық. Бұл біздің барлық серіктестерімізге белгілі. Біз Харьковты әуеден мейлінше ауқымды қорғау мүмкіндіктерін іздеп жатырмыз", - деді ол.
Бұған дейін Украинаның ДЖЭК энергетикалық холдингінің бас директоры Максим Тимченко Украинаның әуе қорғанысы бірнеше ай бұрынғыға қарағанда әлсіз екенін айтқан.
Ал Владимир Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Bild басылымына берген сұхбатында Ресей әскерінің алға жылжығанын және қару-жарақ саласындағы қазіргі жағдайға байланысты Украинаның бұған қарсы тұра алмай жатқанын айтқан.
Украина әскерінің бас қолбасшысы Александр Сырский Батыстан қару-жарақ келмей жатқанына шағымданып, осы себепті Украина қарулы күштері стратегиялық қорғанысқа көшкенін хабарлады.
Жаңалықтар
0