Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев в мечети Хазрет Султан
Касым-Жомарт Токаев в мечети Хазрет Султан - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Қадірлі отандастар! Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Бұл – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі", деп жазылған құттықтау мәтінінде.
Мемлекет басшысы қасиетті Рамазан айында жұрт адамгершілік құндылықтарға баса мән беретінін, рухани тазаруға ұмтылатынын, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қайырымдылық көрсететінін атап өтті.
"Отыз күн оразадағы сабыр мен қанағатқа негізделген игі амалдың бәрі Айт мерекесінің шынайы болмысын айшықтай түседі.Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді. Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады.
"Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Айт қабыл болсын, ағайын! ", - делінген құттықтауда
Жаңалықтар
0