Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2024
Жазылу
Қазір оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлады polisia.kz.
11 сәуірде Внуково-Алматы бағытындағы ұшақ ұшып келгеннен кейін көлік полицейлері ҰҚК шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматын ұстады.
"Анықталғандай, ер адамға 2023 жылдың қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қарулы құрамдарға, қарулы қақтығыстарға немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға заңсыз тартқаны және қатысқаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Жаңалықтар
0