Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға пәтер беріле бастады

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Жазылу
Мемлекеттік қордан алғаш болып Қапаровтар және Никулиндер көпбалалы отбасылары тұрғын үй алды
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Көкшетауда су басу аймағында қалған зардап шеккен тұрғындарға пәтер кілттері тапсырылды.
Пәтер кілттерін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов табыс етті, ол мемлекет залалды азайту үшін барлық шараны қолданып жатқанын атап өтті.
"Бүгін сіз пәтер алған алғашқы адам болдыңыз. Отбасыларыңызда бәрі жақсы болып, қиыншылықтар артта қалсын", - деді Марат Ахметжанов.
Мемлекеттік қордан алғаш болып Қапаровтар және Никулиндер көпбалалы отбасылары тұрғын үй алды. Алынған пәтерлерді тұрғындар өздері таңдады. Пәтерде тұру үшін қажет нәрсенің бәрі бар.
"Президентке біздің мәселелерімізді тез шешкені үшін алғыс айтамыз. Біздің отбасымыз үшін бұл үлкен қуаныш, балалар риза, барлығына көп рахмет", - деді Сәуле Қапарова.
Кеше облыс орталығының 174 отбасы
65 млн теңгеден астам сомаға біржолғы төлем алды. Сондай-ақ материалдық шығындарды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 12 отбасыға 8 млн теңгеден астам көлемде материалдық залалды өтеу туралы шешім шығарды.
Сонымен қатар арнайы комиссия қазіргі уақытта тұрғын үйдің одан әрі тұруға жарамдылығын анықтау бойынша техникалық тексерулер жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
0