Су тасқыны: 206 отбасы баспанасын жөндеуге көмек алып үлгерді

© AFP 2024 / EVGENIY LUKYANOVМасштабные паводки в Казахстане весной 2024 года
Масштабные паводки в Казахстане весной 2024 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2024
Жазылу
3053 тұрғын үй тексеріліп, 1807 нысан бойынша бағалау жүргізілді
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде қазірдің өзінде 206 отбасы 254 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге төлем алып үлгерді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3053 тұрғын үй тексеріліп, 1807 нысан бойынша бағалау жүргізілді.
"Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облыстың тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға 16 343 өтініш берді", - делінген хабарламада.
Биылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша, зардап шеккен өңірлерде 2787 отбасы шамамен 2,4 млрд теңге сомасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Келтірілген материалдық шығын үшін өтемақы көлемі 565,7 млн теңгеге жетті. Бұл қолдау шарасы 1377 отбасын қамтыды.
Цифровое удостоверение личности - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2024
Су тасқыны: азаматтар шығынды өтеу туралы өтінішті eGov mobile қосымшасында бере алады
Жаңалықтар
0