Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинаға миллиардап ақша бөлді – Ресей өз ұстанымын жариялады

© Photo : DoD/Lisa FerdinandoАмериканский флаг на здании Министерства обороны США в годовщину терактов 11 сентября, Вашингтон
Американский флаг на здании Министерства обороны США в годовщину терактов 11 сентября, Вашингтон - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Украинаға миллиардап көмек бөлуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Министрліктің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, АҚШ билігі Киевтің соңғы украиналық қалғанша соғысуға мәжбүрлеп жатыр. Ал Зеленскийдің режимі қарашадағы сайлауға дейін шыдаса, Джо Байденнің имиджі сақталып қалады.
"Вашингтонның әрекетіне тойтарыс беріледі, ал Ресейге қарсы гибридтік соғысқа ене берсе, Вьетнам мен Ауғанстанда болған фиаскоға тап болады. Зеленскийдің неонацистік режимін құтқаруға бағытталған әрекеттер бәрібір сәтсіздікке ұшырайды. Арнайы әскери операцияның мақсаттары мен міндеттері толығымен орындалады", - дейді Захарова.
Оның сөзіне қарағанда, Американың басқарушы элиталары партиялық ұстанымына қарамастан, Киев режимін қару-жарақпен қамтамасыз етуге дайын тұр. Онымен Ресейдің азаматтық нысандарына террористік шабуылдар жасалып жатыр, журналистерге де оқ атылды.
"АҚШ осы жолды бұғатталған ресейлік активтерді ұрлаудан да тайынбай отыр", - деп атап көрсетті Захарова.
Жақында АҚШ конгресі Украинаға 61 миллиард долларға жуық қаржыны бөлу туралы заң жобасын қабылдады. Соның ішінде 23,2 миллиард Пентагон қоймаларынан берілетін қару-жарақты толықтыру жоспарланып отыр. 13,8 миллиард доллар қару-жарақты нарықтан сатып алуға жұмсала, 11,3 миллиард "АҚШ-тың аймақтағы әскери операцияларды қамтамасыз етуге" арналған. Бұдан бөлек, конгрессмендер ресейлік активтерді Украинаның пайдасына тәркілеу туралы заң жобасын мақұлдады.
Жаңалықтар
0