Өңірлер

Атырауда полицейлер өртке оранған үйден 60 адамды эвакуациялады

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Атырауда көпқабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды.
ІІМ ақпаратынша, төтенше жағдай 20 сәуір күні сағат 17:50 шамасында болған.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққанын байқап, дереу тұрғындарға көмекке жүгірген.
Полицейлер 10 минуттың ішінде 60 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ, ішінен құлыпталып қалған пәтердің есігін бұзып, екі қарияны қауіпсіз жерге шығарды.
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.
На печи – чайники, а рядом продукты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2024
Қарағанды облысында өрттен төрт бала көз жұмды
Жаңалықтар
0