"Отбасы банк" өкілі тұрғын үй бағасы туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневВывеска Отбасы банка в столице
Вывеска Отбасы банка в столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2024
Жазылу
Жеңілдетілген ипотеканың іске қосылуы тұрғын үй нарығына әсер етеді, бірақ "Отбасы банк" мұны алдын ала есепке алды
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Жаңа ипотекалық бағдарламаның іске қосылуы жылжымайтын мүлік бағасына қалай әсер ететіні туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов айтып берді.
"Кез келген жаңа бағдарлама тұрғын үй нарығындағы бағаға белгілі бір түзетулер енгізеді және біз оған дайынбыз", - деді Ақшанов үкімет отырысында.
Оның айтуынша, "Отбасы банк" "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларының шарттарына сай пәтер ұсынатын құрылыс жүргізуші компаниялармен ғана келісімшарт жасасады.
"Біз бағдарламаға құрылыс жүргізуші компаниялар тек "Баспана маркет" платформасы арқылы ғана қосыла алатындай еттік. Бүгінде 4 нысан өтініш берді. 1 мамырда "Отау" бағдарламасының клиенттері үшін түрлі нұсқада пәтерлер болады деп ойлаймын және одан кейін "Наурыз" клиенттері үшін де қалыптасады", - деп бөлісті "Отбасы банк" басшысының орынбасары.
Отандық құрылыс компаниялары ипотекалық бағдарламалардың қысқаруы мен жұмыс сапасына қойылатын қатаң талаптардың салдарынан сұраныстың төмендеуіне тап болды, деп түсіндірді ол.
"Енді сатып алушының дәуірі келеді деп ойлаймын және баға кем дегенде қазіргі деңгейде тұрақты болады деп үміттенеміз", - деді Ақшанов.
Пәтерлердің нақты құнын айту әлі ерте, дейлі Ақшанов. "Отау" бағдарламасы бойынша баға 18-30 миллион теңге, "Наурыз" бағдарламасы бойынша 36 миллион теңге деңгейінде бекітілетін шығар", - деді ол.
Сондай-ақ журналистер ипотекалық бағдарламалар екінші кезектегі тұрғын үй бағасына қалай әсер ететінін сұрады.
"Отау" бойынша 150 миллион теңге, "Наурыз" бойынша 300 миллион теңге несиелік қаражатты нарыққа шығарғанда, ескі үйлерді сатушылар өз бағасын реттеуі керек", - деді "Отбасы банк" төрағасының орынбасары.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мамыр айында жаңа "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы іске қосылады.
Жаңалықтар
0