Тасқын су тартылып жатыр: 36,7 мың адам үйіне оралды

Архвтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2024
Жазылу
Азаматтық қорғау қызметтері су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқынының зардаптарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны салдарынан 36,5 мыңнан астам адам эвакуацияланғаннан кейін үйіне оралды.
Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталып келеді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су басқан саяжай учаскелеріне мониторинг жалғасуда. Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері су басқан аумақтарға бірлесіп патруль жүргізіп жатыр.
"Атырау облысындағы жағдайға мониторинг жүргізу жалғасуда. Су деңгейі бақылауда. Атырау қаласында су тасқынынан қорғау мақсатында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 498 шақырым бөгет нығайтылды", – дейді төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп.
Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6148 тұрғын үй мен 2794 аула аумақтарынан су бұрылды.
Су тасқыны басталғаннан бері 119 220 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның 44 776-сы балалар.
Республика бойынша 36 745 адам үйіне оралды. 6909 адам эвакуациялау пункттерінде жатыр. Апатты-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 27 мыңнан астам адам жұмылдырылған.
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2024
Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 4,7 млрд теңге жинады
Жаңалықтар
0