Беларусь Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын үш зауыт салады

© Sputnik / Тимур БатыршинКомбайны, способные убирать пшеницу без комбайнеров
Комбайны, способные убирать пшеницу без комбайнеров   - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2024
Жазылу
Беларусь Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені әлеуетін жоғары бағалап отыр.
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Ауыл шаруашылығы саласында Қазақстан-Беларусь бірлескен жобаларын жүзеге асыру жоспарланып жатыр. Республиканың бірқатар өңірінде бірнеше жоба бірден іске қосылады, деп хабарлайды "АПК Новости" ақпарат агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, мамыр айының соңында Минскіде Беларусь пен Қазақстанның сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кездесуі өтеді. Кездесу қарсаңында кәсіпкерлердің қатысуымен іскерлік ынтымақтастық кеңесі болады.
Басылымның хабарлауынша, Қазақстанда бірқатар кооперациялық жоба іске қосылады.
Мәселен, Қостанайда ауыл шаруашылығы техникасына арналған кабиналар шығаратын заманауи зауыт ашылса, Ақмола облысында сепкіш шығаратын кәсіпорын іске қосылады. Қызылорда облысында трактор мен комбайн өндірісі жолға қойылады.
"Беларусь тарапы кооперациялық тұрғыдан ынтымақтастық үшін көптеген жобалар бар деп санайды. Беларусь республикасының агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өсіру және қайта өңдеу бойынша бірқатар маңызды жобасы бар", - деп түсіндірді агенттік.
Былтыр күзде екі елдің премьер-министрлері Қазақстанда Беларусьпен бірлескен ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жобалары үшін зор әлеует барын айтқан болатын. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінде ынтымақтастық екі елдің экономикасына үлкен әсер ететіні айтылды.
Қоқыста жатқан нан - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2024
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау керек - депутат
Жаңалықтар
0