Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2024
Жазылу
Президент Пасха дәстүрлері мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақыратынын атап өтті
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

"Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады", - деп жазылған құттықтауда.

Президент жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелеп, мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақыратынын атап өтті.
Оның айтуынша православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді.
"Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Глава государства наградил Президента Кыргызстана Садыра Жапарова орденом Достық I степени
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2024
Тоқаев: Бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек
Жаңалықтар
0