Тоқаев Айбар Қосановты "Еңбек Даңқы" орденімен марапаттады

© Пресс-служба МЧС КазахстанаАйбар Қосанов
Айбар Қосанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2024
Жазылу
Ол 190-нан астам кеншіні эвакуациялауға қатысты
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Костенко атындағы шахтадағы трагедияның алдын алған Айбар Қосанов "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды. Жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін Айбар Бекболатұлы Қосанов ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен наградталды", - деп жазылған жарлықта.

Бірнеше күн бұрын Қосанов шахтадағы өрттің алдын алған. Ол 190-нан астам кеншіні эвакуациялауға қатысты.
Айбар Қосанов – "Qarmet" акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі.
Жаңалықтар
0