Шетелдіктер үшін бензин мен дизель бағасы өзгереді: энергетика министрі бұйрыққа қол қойды

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2024
Жазылу
Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі бар азаматтар үшін баға бұрынғысынша қалады
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев шетелдіктер үшін бензин мен дизель отынының жаңа бағасын белгілейтін бұйрыққа қол қойды.
Бағасына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары мынадай мөлшерде белгіленеді:
1. Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге,
2. Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 245 теңге:
Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;
Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және мотоциклдерге, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге.
3. дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 315 теңге:
Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге;
Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңалықтар
0