Жылу жүйелері әбден тозған қалалардың тізімі жарияланды

© Sputnik / Табылды КадырбековТЭЦ Бишкека
ТЭЦ Бишкека - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Құрылыс және өнеркәсіп министрлігі жылу жүйелері әбден тозған қалалардың тізімі жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министр Қанат Шарлапаевтың айтуынша, қазіргі кезде 12 қалада жылу желілерінің тозу деңгейі өте жоғары – 65-91 процентке жетті. Ал орташа тозу деңгейі 73 процентті құрап отыр.
Қалалардың тізімі:
Екібастұз – 91%;
Павлодар – 83%;
Степногорск – 82%;
Атбасар – 76,5%;
Петропавл – 74%;
Ақтау – 71%;
Арқалық – 68%;
Рудный – 68%;
Семей – 68%;
Теміртау – 67%;
Кентау - 65%;
Риддер – 59,5%;
"Алдағы жылыту маусымын үздіксіз өткізу мақсатында аталған қалаларға 47,2 шақырымды жөндеуге 33 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар 90 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға шамамен 46 млрд теңгеге қосымша қажеттілік бар", - деді Шарлапаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал үкімет басшысы ЖЭО жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмаса, меншік иелері мен әкімдіктерге шара қолданылатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0