Балконда ілініп тұрған: Астанада мектеп оқушысы бес жасар баланы аман алып қалды

© Photo : Скрин видео пресс-службы акимата АстаныАкан Акимжанов спас малыша
Акан Акимжанов спас малыша  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2024
Жазылу
7 сынып оқушысы Ақан оқиғаның қалай болғанын айтып берді
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды.
20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған.
Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.
Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігін айтты.
Sputnik Қазақстан тілшісі Ақанның өзімен және отбасымен сөйлесті.
Анасының айтуынша, Ақан туылғанда әлжуаз болғанымен, өсе келе балабақшада белсенді бала болып өскен. Би де билейтін, ән де салатын.
"Қазір мінезі ауыр, ұстамды. Үйдің бар тірлігіне көмектеседі, тіпті тамақ та жасайды", - дейді анасы Зухра Әкімжанова.
Ақанның үш інісі мен қарындасы бар.
"Төрт ұл бір қызым бар. Бір-бірін бағып, жетектеп өсіп келеді. Ақанның інісі онсыз сабақ оқымайды, ағасын күтіп отырады. Үйде мысығы бар, сол мысыққа дейін Ақан қамқор", - дейді анасы.
Ақан оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
"Бүлдіршін 4 қабаттан құлағалы тұрды. Мен сумкамды тастай салып жүгірдім. Ол қонаққа келіпті. Анасын іздеп балконға шығып кетіпті. Баланы құтқарған соң ата-анасы келіп менімен сөйлесті", - дейді Ақан Әкімжанов.
Жаңалықтар
0