17:30 24 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Виды Самарканда. Архивное фото

Самарқанда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қозғалыс шектелді

© Sputnik / Макс Альперт
Азияда
Қысқа сілтеме алу
35 0 0

Самарқанда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қаланың орталық бөлігінде бірқатар жолдар жабылды, сондай-ақ, кейбір нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Sputnik Өзбекстанның жағдаймен таныс дереккөзі.

АСТАНА, 2 қыр – Sputnik. Самарқанда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қаланың орталық бөлігінде бірқатар жолдар жабылды, сондай-ақ, кейбір нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Sputnik Өзбекстанның жағдаймен таныс дереккөзі.

Дереккөздің хабарлауынша, қалада құқық қорғау органдарының саны едәуір артқан. Орталықта қозғалыс шектелді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Шахи Зинда кешенінде белсенді  құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқандығы белгілі. Бұдан бөлек жұма күні Ташкент-Самарқан бағытындағы "Афросиаб" жүрдек пойызының қозғалысы тоқтатылған. Ал түнде Самарқан маңынан әуежайға қарай үш ұшақ ұшқан.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов Самарқан тумасы. Дереккөздің сөзіне қарағанда, көпшілік өзбекстандық  ұлттық теледидар арқылы хабарларды бақылап отыр. Барлығы жұма намазынан кейін ел президентінің денсаулық жағдайы туралы ресми хабарлама жасалады деп күтуде.

Басты тақырыптар