05:09 28 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Алмазбек Атамбаев

Қырғызстан президенті тексерілуден өтіп, Стамбулда тоқтады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Азияда
Қысқа сілтеме алу
44 0 0

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев медициналық тексеруден өтіп, Стамбулдың қонақ үйлерінің бірінде тоқтады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан түркиялық Haberler басылымына сілтеме жасай отырып.

АСТАНА, 20 қыр — Sputnik. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев медициналық тексеруден өтіп, Стамбулдың қонақ үйлерінің бірінде тоқтады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан түркиялық Haberler басылымына сілтеме жасай отырып.

Қырғыз басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші отырысына қатысу үшін АҚШ-қа ұшып бара жатқан. Түркиядағы Ататүрік атындағы әуежайда қырғыз делегациясы басқа ұшаққа ауысып отыруды жоспарлаған.

Президент өзін нашар сезініп, кеуде жағындағы шаншуға шағымданды. Алғашқы тексеру жүрек ауруының белгілерін анықтады, деп хабарлаған бұрынырақ президенттің баспасөз қызметі.

Дәрігерлер Атамбаевқа жанжақты тексеруден өтуге кеңес берді. Оның орнына Нью-Йоркке сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев барады.

Басты тақырыптар