02:21 26 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Мемлекеттік қызметкер портфелі

Қырғызстан үкіметі жарты жыл жұмыс істеп қызметтен кетті

© Sputnik / Алексей Дружинин
Азияда
Қысқа сілтеме алу
12 0 0

Сооронбай Жээнбеков басшылық еткен Қырғызстан үкіметі парламенттегі көпшілік коалициясындағы саяси келіспеушіліктерден кейін қызметтен кетті.

АСТАНА, 26 қаз – Sputnik. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев сәрсенбі күні "Қырғыз Республикасы үкіметінің қызметтен кетуі туралы" жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан агенттігі мемлекет басшысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Премьер-министр, бірінші вице-премьер, вице-премьерлер, үкімет мүшелері қызметіндегі тұлғалар мен әкімшілік ведомство басшылары мемлекеттік құрылым басшылары мен министрлер кабинетінің жаңа мүшелері тағайындалғанша өз қызметтерін жалғастыра береді. 

Көпшілік коалициясы 2015 жылы 2 қарашада төрт депутаттық фракция арасындағы келісім негізінде құрылған болатын. Ол саяси келіспеушіліктердің кесірінен ҚСДП шығып кеткендіктен тарап кетті. 

Қызметтен кеткен үкімет басшысы Сооронбай Жээнбеков 2016 жылы сәуірде қызметке келген еді.  

Сооронбай Жээнбеков
© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Сооронбай Жээнбеков