02:21 26 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Әлем аруы-2016 сайтының суреті

"Әлем аруы-2016" байқауында Қырғызстан мен Қазақстанның жалауларын шатастырып алды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Азияда
Қысқа сілтеме алу
3411

"Әлем аруы-2016" байқауының сайтында Қырғызстан өкілі Перизат Расулбекқызын қазақстандық жалаумен "белгілеген".

АСТАНА, 8 ноя — Sputnik. "Әлем аруы-2016" дүниежүзілік байқауының ресми сайтында "Әлем аруы-2016" байқауының сайтында Қырғызстан туының орнына Қазақстанның символикасы белгіленген, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Ататүрік — Ала-Тоо" халықаралық университетінің студенті Перизат Расулбекқызы 26 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Вашингтонда (АҚШ) өтетін байқауда Қырғызстанды ұсынады. 

Ең сұлудың тәжі үшін 110 елдің арулары бақ сынайды. 

Қазақстанды Ақтаулық 18 жасар студент қыз Әлия Мергембаева ұсынады. Ол – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Көп балалы отбасынан шыққан Әлия туризм саласында білім алуда. 

missworld.com сайтының парақшасы
© Sputnik /
missworld.com сайтының парақшасы