02:21 26 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Алмазбек Атамбаев Қырғызстан президенті

Атамбаев Қырғызстан президенті қызметінен кеткеннен кейін немен айналысатынын айтып берді

© Sputnik / Алексей Дружинин
Азияда
Қысқа сілтеме алу
21 0 0

Алмазбек Атамбаев Қырғызстан басшысы қызметінен кеткеннен кейін Социал-демократиялық партияда жұмыс істейтін болады.

АСТАНА, 11 жел – Sputnik. Қырғызстан президенті мемлекет басшысы қызметінен кеткеннен кейін өзі құрған Социал-демократиялық партияның қызметін жүзеге асырумен айналысады, бұл туралы Алмазбек Атамбаев журналистерге Қырғызстандағы референдум бойынша дауыс беру учаскесінен шыққан кезде хабарлады. 

"ҚСДП жұмысына қатысамын, 2020 жылғы парламенттік сайлауға партия тізімін әзірлемекпін", — деп келтіреді РИА Новости Атамбаевтың сөзін. Ол, тағы бір рет, өзінің президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін қандай да бір белгілі мемлекеттік лауазымды атқаратын ниеті жоқ екенін атап өтті. 

"Мен көңілімде шенеунік емеспін, ешқандай қызметті керек етпеймін", — деді Атамбаев. 

Ол, отставкаға кеткеннен кейін де, оның пікірімен қоғамның санасатына үміттенетінін атап өтті. "Егер саған ел сенетін болса, онда адамдар қызметіңе қарамастан құлақ асатын болады", — дейді Атамбаев. 

Атамбаевтың президенттік мерзімі 2017 жылдың соңында аяқталады. Қырғызстан конституциясында тек бір президенттік мерзім қарастырылған.