Әлем

Қырғыз вайнерлері киіз үй жанында би билеп, Желіде танымал болды

Жазылу
"Бейонсе"-келін мен "Майкл Джексон"-күйеу бала желі қолданушыларының көңілінен шықты

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қырғызстандық қыз бен жігіт киіз үй жанында би билеп, Желіде ерекше танымалдыққа ие болды.

Қырғызстандағы танымал вайнер Сайқал Жұмалиева өткен аптада жаһандық желі қолданушыларын бір күлдіріп алды. Үстіне халат киіп, басына орамал таққан ол қолына сыпырғыш ұстап, киіз үйдің жанында билеп берді.

 

 

Кейінірек белгілі болғандай, видео Қырғызстандағы Нарын облысы Арпа Ат-Башы ауданындағы жайлауда түсірілген. 

Бір апта соңыра биші келінге "жауап" ретінде бейнеролик жарияланды. 

Қырғыз бишісі Нұрсұлтан Алибеков өзін "биші келіннің" күйеуімін деп таныстырып, киіз үй жанында билеп берді.

Видео соңында вайнер қалтасынан құрт алып шығып, бір тістейді де, есекке мініп алып, кете барады. 

Жаңалықтар
0