Әлем

Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр

© AFP 2024 / Vyacheslav Oseledko Қырғызстандағы сайлау учаскесі
Қырғызстандағы сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстандықтар мемлекет басшысын сайлап жатыр – президент лауазымына 11 адам үміткер

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. 15 қазан, жексенбі күні Қырғызстанда президент сайлауы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 3 миллион 25 мың 768 адам дауыс бере алады. Дауыс беруге бір күн қалғанда 22 мың 281 адам өз таңдауын алдын ала жасаған.

Мемлекет басшысы лауазымына 11 адам үміткер:

Бішкектің бірінші вице-мэрі Эрнис Зарлықов

Қоғам қайраткері Тоқтайым Үметалиева

Қырғызстанның экс-премьері (2015-2016) Темір Сариев

"Жаны доор" саяси партиясының төрағасы  Ұлықбек Кочкоров

Қоғам қайраткері Таалатбек Масадыков

Қырғызстанның экс-премьері (2011-2012) Өмірбек Бабанов

бизнесмен Арыстанбек Абдылдаев

общественный деятель Азимбек Бекназаров

Қырғызстанның экс-премьері Сооронбай Жээнбеков

Қоғам қайраткері Адахан Мадумаров

Жоғары Кеңестің экс-депутаты Арсланбек Малиев.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 10 мың шамасындағы милиция қызметкерлері, сонымен қатар ерікті халық жасағының 12 мыңға жуық мүшесі ат салысуда. Ерекше маңызға ие объектілер мен сайлау өткізіліп жатқан объектілерді күзету күшейтілген.

 

 

Жаңалықтар
0