22:06 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Қоқыс, қуыршақ

Қоқыс тазалаушы жігіттің жанайқайы: дәрігерлер 6 айдан кейін өлесің деді

© Sputnik /
Азияда
Қысқа сілтеме алу
1604 0 0

Қауіпті ауруға шалдыққан Бішкек тұрғынының бауырын ауыстыру үшін 45 мың доллар қажет

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Дәрігерлердің айтуынша, Бішкек тұрғыны Жеңісбек Қасымовтың 6 ай ғана өмірі қалған. "Тазалық" кәсіпорнында жұмыс істейтін жігіт қауіпті ауру – бауыр альвеококкозына (қазақ  “бауыр құрт” деп те атаған) шалдығыпты.   

Sputnik Қырғызстан агенттігінің хабарлауынша, екі жыл бұрын Бішкек хиругтері Жеңісбектің ағзасынан паразиттерді алып тастамақ болған, алайда одан түк шықпапты – олар қан тамырларына кіріп алған. Осы жағдайдан кейін дәрі-дәрмекпен емделген.    

Бір ай бұрын Қасымовтың жағдайы нашарлап кеткен. Дәрігерлер паразиттер одан сайын көбейіп, дәріге "бейімделіп" алғанын айтады. Енді оның дереу бауырын ауыстыру керек, отаны Үндістанда 45 мың долларға жасатуға болады екен. Мұны алдағы алты айдың ішінде жасау керек, Жеңісбекті құтқаруға басқа мүмкіндік жоқ. Науқастың әпкесі мен ағасы донор болуға келісіп отыр.    

Қасымов алты жылдан бері Бішкекте қоқыс тазалаушы болып жұмыс істейді, жалақысы 25 мың сомнан аспайды. Қымбат операцияны жасатуға отбасының мүмкіндігі жоқ. Оның әйелі мен үш баласы бар: үлкені төртінші сыныпта оқиды, қызы үште, ал кіші ұлы жақында алты айға толыпты.   

Жеңісбек Қасымов: операцияға ақша тауып үлгермейтінімді ойласам, қатты қорқамын
© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Жеңісбек Қасымов: операцияға ақша тауып үлгермейтінімді ойласам, қатты қорқамын

"Тіпті үйімді де сата алмаймын: ипотекаға алғанымызға бір жыл ғана болды. Әйелім жұмыс істемейді, балалар кішкентай. Ал мен қазір денсаулығыма байланысты демалыстамын… Операцияға ақша тауып үлгермейтінімді ойласам, қатты қорқамын", — деп шынын айтты Жеңісбек.  

"Тазалық" қызметкерлері Қасымовтың шотына жалақысының бір бөлігін аударған – 6 мың доллар жиналды. Тағы 4 мыңды қайырымды жандар берген.  Егер қажетті соманы жинаса, Airmanas әуе компаниясы Жеңісбекті тегін апарып-алып келуге келісіп отыр екен.   


Загрузка...

Басты тақырып