Әлем

Бизнесмен Ташкент басшысы болды

CC0 / Khusen Rustamov / Ташкент. Архивтегі фото
Ташкент. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Джахонгир Артыкходжаев Ташкент хокимиятын 2011 жылдан бері басқарып келген Рахмонбек Усмановтың орнына келді

АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Akfa компаниялар тобының негізін салушы Ташкенттің жаңа хокимі болды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан. Бұл туралы Ташкент хокимиятының баспасөз қызметі хабарлады.       

Портфель - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Таразға жаңа әкім тағайындалды

Премьер-министрдің төрағалығымен кезектен тыс 35-сессия өтті. Депутаттар Джахонгир Артыкходжаевтың кандидатурасына бірауыздан дауыс берді.  

Джахонгир Артыкходжаев Artel, Imzo компанияларын басқарады. Бұған дейін ол Tashkent City мемлекеттік біртұтас кәсіпорнының директоры қызметін атқарған. 

Ол 1975 жылы Ташкентте туған. 1996 жылы Ташкент экономика университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы "Дустлик" орденімен марапатталды.  

Джахонгир Артыкходжаев Ташкент хокимиятын 2011 жылдан бері басқарып келген Рахмонбек Усмановтың орнына келді.   


Жаңалықтар
0