Әлем

Алматы мединститутының түлегі Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі болды

© Пресс-служба президента КР / Султан ДосалиевКосмосбек Чолпонбаев
Космосбек Чолпонбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Космосбек Чолпонбаев Алматы мединститутын "Фармация" мамандығы бойынша үздік бітірген

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Алматы медициналық жоғары оқу орнының түлегі Космосбек Чолпонбаев 2018 жылдың 20 сәуірінде Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Әсет Құрманғалиев - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Қазақстан Инжиниринг" басқарма төрағасы ауысты

Космосбек Чолпонбаев Ыстық көл облысының Ичке-Жергез ауылында 1963 жылы туған. 1985 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтының фармацевтика факультетін "Фармация" мамандығы бойынша үздік бітірген (1980-1985 жж.). Екінші жоғары білімі – заңгер (2011 жылы қырғыз мемлекеттік заң академиясын бітірген), деп хабарланған Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында. Фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор.

Бұрынғы Қырғыз тау-металлургиялық институтының фармацевтикалық, аналитикалық және органикалық химия кафедрасында дәріс берген, Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмек және медициналық техника басқармасының бастығы болды, Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық техника департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған, сондай-ақ Қырғызстан Фармацевтикалық одағын басқарды.

Қырғыз және орыс тілінде еркін сөйлейді.  

Төрт монография, 107 ғылыми еңбек, бес оқу құралы мен 26 әдістемелік ұсыным жазған.   


Жаңалықтар
0