06:27 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Күрек ұстаған ер адам, архивтегі фото

"Өзің пісір". Малшы әйелін бір сөзіне бола өлтіріп, тезекке көміп тастаған

© AFP 2019 / HASSAN AMMAR
Азияда
Қысқа сілтеме алу
208510

Малшы "тамағыңды өзің пісіріп же" деген әйелін күрекпен ұрып өлтірген

АСТАНА, 1 шілде — Sputnik. Әйелінің сөзін көтере алмаған малшы жантүршігерлік қылмысқа барды, деп жазды Sputnik Қырғызстан. 

Оқиға Қырғызстанда болған. Жазда мал бағып, ақша табу үшін ерлі-зайыпты тауға барады. Бір күні екеуі арақ ішіп отырғанда күйеуі әйеліне: "Тамақ пісір" деп бұйырған. Әйел: "Өзің пісіріп ал" деп зірк ете қалады. Ер адам қатты ашуланып кетіп, оның басынан күрекпен бір ұрған. Кейін қанға малынған денені үйге сүйреп кіргізіп, жараны қызыл шүберекпен таңып қойған. Әйел соңғы рет көзін ашып, бақилық болған.    

Қылмыскер мәйітті малдың қиына көміп тастайды. Ол бірнеше айдан кейін ғана, көктемде табылды: тракторшы қиды тырмалап жатып, бір нәрсені көріп қалған. Марқұмның кім екенін туыстары қызыл ормалдан таныған.     


Загрузка...

Басты тақырып