Әлем

Ол қызынан да кіші қызды жүкті қылғанын естігенде еңіреп жылады – педагог

CC0 / / Ер адам айнаға қарап тұр, иллюстративті фото
Ер адам айнаға қарап тұр, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алексей Петрушевский Панасыз балаларды оңалту орталығында тәрбиеленген 15 жастағы қыздың ауыр тағдыры туралы әңгімеледі

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Қырғызстанда ер адам 15 жастағы қызды жүкті қылғанын естігенде қорқыныштан еңіреп жылаған. Бұл туралы елдегі Панасыз балаларды оңалту орталығының директоры Алексей Петрушевский Sputnik Қырғызстанға берген сұхбатында айтты. 

Ноутбук, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Оғыз Доған жас қызды төсекке сүйреді деген ақпарат неге тарағанын түсіндірді

"Мен сізге 15 жастағы тәрбиеленуші туралы айтайын. Ол жүкті екенін білгенде қалай жылағаны әлі есімде. Қызды алдап соққан адамды таптық, ол қорқыныштан: "Өтінемін, әйеліме айтпаңызшы! Менің қызым одан үлкен! Ол өзі кінәлі, соны өзі қалады. Он сегіз жастамын деп өтірік айтты", — деп еңіреп жылай бастады. Өзі қалады ма?! Ол бала күнінен махаббат дегенді білмей өсті. Ал ол оның басын айналдырған, 500 сомға сақина сатып алып беріп, дәмханаға ертіп барған, содан қыз ғашық болып қалған… Эх, ондай адамдардың басын емдеу керек", — деді Алексей Петрушевский.   

Оның айтуынша, қыз ұл баланы дүниеге әкелген. Орталық директоры баланы тастама деп қанша жалынса да өз дегенінен қайтпай, балалар үйіне өткізіп жіберіпті. Дәрігерлер де оның бас тарту туралы арыз жазуына мүдделі болған көрінеді. Тіпті баланы емізуге рұқсат бермеген. 

Батыс Қазақстанда 14 жастағы қыз жүкті болып қалды>>  

"Бүгінде ол қыздың өз баспанасы, шағын кәсібі бар. Таяуда маған қоңырау шалып: "Ұлымды табуға көмектесіңізші! Мүмкін қиналып жүрген шығар? Мүмкін оны ренжітіп жатқан болар?" деді. Алайда қалай көмектесесің? Асырап алу жағы құпия сақталады… Енді ол өмір бойы өзін жазғырып өтеді", — деп түйіндеді ол.

Аңсаған Мұстафа: қыз алып қашқан жігіт сотталғанда қатты қуандым>>  


Жаңалықтар
0