05:11 15 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD419.02
  • EUR494.02
  • RUB5.71
Азияда
Қысқа сілтеме алу
2036 0 0

Зере Асылбек полицияға шағымданған, құқық қорғау органдары оны қорғау үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз деп сендірді

АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстанның жас әншісі Зере Асылбек әйелдердің құқығы туралы түсірген бейнебаянынан кейін өз өмірі үшін алаңдап отыр. 

YouTube-те 19 жастағы Зере Асылбектің "Қыз" атты бейнебаяны жарияланды. Жас әншінің клипке іш киіммен түсуі отандастарының ашуын туғызған. Сондай-ақ әннің мәтіні де қырғыз халқының ызасын келтірді. Зере өз әнінде әйелдердің құқықтары туралы айтып, оларға қалай өмір сүру керектігін үйретуді қоюға шақырады. 

Бейнебаян шыққаннан кейін белгісіз біреулер әлеуметтік желі арқылы хабарлама жіберіп, "сені өлтіреміз" деп қорқытқан. Әртіс жазбаның скриншотын жасап, құқық қорғау органдарына шағымданған, деп хабарлады dni.ru kloop.kg порталына сілтеме жасап.

"Егер сен мына видеоны алып тастап, қырғыз халқынан кешірім сұрамасаң, онда біз сені өлтіреміз. Алғашқы және соңғы рет болсын", — деп жазған желі қолданушыларының бірі. 

Көп ұзамай тағы біреуі "қуана-қуана басыңды кесіп аламын" деп сес көрсеткен. 

Полиция әншіні қорғау үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз деп сендірді. 

Айта кетсек, осы бейнебаяннан кейін Зерені қолдап, флешмоб ұйымдастырғандар да табылды. Олар желіге іш киіммен селфиге түскен суреттерін жариялаған, алайда бет-әлпетін көрсетпеген.

 


Тақырып бойынша

Танымал әнші журналистикаға бет бұрды
"Қазақша сөйлеймін". Әнші Шахризат орыс тілінде сұхбат беруден бас тартты
Әнші Айқын Төлепберген қазақстандықтарға үндеу жасады – видео
Әнші Бүркіт: Біреуіміз аяғымыз шалынып құласақ, бәріміз жатып күлетін күнге жеттік
"Әнші мен әртісті ақшаға үйреткен байлар" немесе қазақ мәдениетіндегі аш бала кім, тоқ талант кім?
Кілт сөздер:
бейнебаян, видео, Зере Асылбек, Қырғызстан
Загрузка...

Басты тақырып