12:59 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Оқушының архивтегі фотосы

Мұғалім оқушының маңдайына "жынды" деп жазып жатқанда күтпеген оқиға болды

© Sputnik / Артем Житенев
Азияда
Қысқа сілтеме алу
8431 0 0

Өзбекстандық мұғалімге айыппұл салынса да оқушыларды қинауын тоқтатпаған

АСТАНА, 22 қазан – Sputnik.  Өзбекстанда тарих пәнінің мұғалімі шәкіртінің маңдайына "жынды" деген сөз жазып жатқанда ешкім күтпеген оқиға болған. Оқушы қатал ұстаздың бетін тырнап алған.

Бұл оқиға Қарақалпақстаның Төрткүл ауданындағы №5 мектеп интернатта болған. Азаттық радиосының Өзбек қызметінің тілшісімен сөйлескен мектеп-интернаттың бір оқушысы тарих пәнінің мұғалімі мұндай жазаны барлық оқушыға қолданатынын айтты, деп жазды centralasian.org.  

"Болмашы нәрсеге бола оқушылардың маңдайына "жынды" деген секілді сөздер жазады. Сабақта сыныптасым партаны сырып алған. Сол үшін мұғалім ол баланы ұрып, оның маңдайына жазып жатқанда оның бетін тырнап жіберген", — деді тоғызыншы сынып оқушысы.

Оқушының ата-анасы құқыққорғау органдарына арызданған. 

"Сот тарих пәнінің мұғалімі Бекмамат Нурметовке айыппұл салды, бірақ ол біздің мектепте әлі жұмыс істейді. Ол оқушыларды қинауын тоқтатқан жоқ", – деді мектеп тәрбиешісі.

Аудандық әкімшілік сот шешімімен, Нурметовке 344 480 сум (40 доллар) айыппұл салынған.


Тақырып бойынша

Мұғалім оқушыларды бағалаудың таптырмас әдісін ойлап тауып, бүкіл әлемге танылды
Шымкентте директордың орынбасары мен мұғалім оқушыларды мазақ еткен
Денис Тенді өлтіргендерді жақтаған мұғалім жұмыстан қуыла ма?
Төмен жалақыға шағымданған мұғалім түрмеге қамалды
Ақтөбеде мұғалім үшінші сынып оқушысын ұрды деп айыпталып отыр
Кілт сөздер:
мектеп, оқушы, Қарақалпақстан, Өзбекстан
Загрузка...

Басты тақырып