Әлем

Аянышты халге түскен кішкентай қыз удай мас анасын тұрғызбақ болды – видео

© Photo : Jeniffer Wai Ting TanБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жазба авторының айтуынша, бала аш және үсті-басы кір-қожалақ болған

АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Бішкек тұрғыны қоршаудың түбінде жатқан удай мас анасын тұрғызбақ болған 4-5 жастағы қызды видеоға түсіріп алды. Ол 30 қазан күнгі жазбаны Sputnik Қырғызстан агенттігінің редакциясына жолдаған. 

Видео авторының айтуынша, әйел алдымен балаға айқайлап, ұрып-соққан.

"Менің әйелім жақындап барып еді, оған аузына келгенін айтып, балағаттады, біз үйге кетіп қалдық. 10 минуттан кейін қайта шығып, барлығын камераға түсірдім", — деп түсіндірді куәгер.

Видеодан масайған әйелдің жерден тұруға, тіпті сөйлеуге шамасы келмей жатқанын түсінуге болады. Жазба авторы қыздың аш және үсті-басы кір-қожалақ, киімі жыртық болғанын атап өтті.  

Бішкектегі Бірінші мамыр ауданының ІІБ қызметкерлері аталған факті бойынша тексерісті бастағанын хабарлады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері баланың тағдыры не болатынын кейінірек хабарлауға уәде берді.


Жаңалықтар
0