16:35 22 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD368.28
  • EUR419.21
  • RUB5.59
Сотталушының архивтегі фотосы

Тарихта болмаған жағдай: ит ұрлаған ауыл тұрғыны үш жылға сотталды

© Sputnik / Илья Питалев
Азияда
Қысқа сілтеме алу
291 0 0

Қырғызстан соты алғаш рет ит ұрлаған адамды айыпты деп танып, бас бостандығын шектеді

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Қырғызстанда сот ит ұрлаған адамға үш жылға шартты түрде жаза кесіп, 35 мың сом көлемінде (500 доллар шамасында) айыппұл салды. Бұл жөнінде иттің қожайыны Гуля Алмамбетова хабарлады.

"Бұл – үлгі боларлықтай жағдай. Мен соттың әділдігіне таңғалдым", — дейді Алмамбетова.

Ол сотталушы Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша айыпты деп танылды дейді. Сот үкімі күшіне енген күннен бастап, сотталушы Бішкектен тыс аймаққа шыға алмайды, деп жазды centralasian.org. 

Осыған дейін итті ұрлап, өлтіру ісі Қырғызстан сотында бірінші рет қаралып жатқаны айтылған. Алмамбетова бұл істі соңына дейін алып шығуға бел буған едім дейді.

Курцхаар тұқымды Спайсик атты ит Бішкекте биыл жазда жоғалып кеткен. Кейін видеобақылау камерасы арқылы иттің ұрланғаны белгілі болған. Сот барысында айыпталушы "итті қожайынына қайтарып берем" деп алдым деп ақталған. Ол итті ауылына алып кетіп, шынжырға байлап ұстаған. Бірнеше күн өткен соң, ит өліп қалған.


Тақырып бойынша

ШҚО-да экс-депутатты зорлады деп айыптаған қыз сотталып кетті
Шымкент тұрғыны депутаттың былығын ашамын деп өзі сотталып кетті
Моңғолиядан келген қазақ полицейлерге көмектесемін деп сотталып кетті
Кілт сөздер:
сот, ұрлық, ит, Қырғызстан
Загрузка...

Басты тақырыптар