Әлем

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген ерлі-зайыптының 5 жасар қызын зорлап кетті

© Photo : JeevanҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеушілер күдіктілерді тергеп жатыр, дегенмен әзірге ешкім қамауға алынбаған

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Өзбекстанның Ферғана облысындағы Куканбай ауылында тұратын бес жасар қызды зорлап кетті. 

Ауыл белсенділерінің бірінің айтуынша, қыз 18 қараша күні ес-түссіз жатқан жерінен табылған, деп хабарлады ca-news.org.

Қолына кісен салынған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ордабасыда үш жасар қызды зорлап өлтірді: әкесі күдікке ілінді

АІІБ басшысының орынбасары зорлыққа ұшыраған кәмелетке толмаған бала болғандықтан түсініктеме беруден бас тартты. 

Оның айтуынша, 20 қарашада Өзбекстанның Бас прокуратурасы осы мәселені зерттеу үшін өз өкілін Учкуприк ауданына жіберген.    

Бас прокуратура зардап шеккен қызбен психолог жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Ферғана облыстық ішкі істер басқармасы қызметкерінің мәліметінше, алдын ала тергеу аяқталды. Қыздың зорлану фактісі негізінде 118-бап ("Зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол қазіргі таңда күдіктілер тергеліп жатқанын атап өтті, дегенмен әзірге ешкім қамауға алынбаған.

21 қарашада зорланған қыздың туыстарының бірі оның ата-анасы Қазақстанға жұмыс істеуге кеткенін айтты, ал бала қарт туыстарының қарауында қалған.

"Төрт күн бойы қызды таба алмадық. Оны ауыл шетіне шала-жансар күйінде тастап кеткен. Қыз үш күн аудандық ауруханада емделді, сосын облысқа алып кетті. Жағдайы ауыр", — деді ол. 

Ферғана облыстық ауруханасындағы дәрігерлер қыздың жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлады.

Оған сот-медициналық сараптама тағайындалды. 


 


Жаңалықтар
0