06:30 12 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.30
  • EUR428.14
  • RUB6.08
Нарын облысындағы бір отбасыны өлтіріп, өртеп жіберген үй

Нарындағы жантүршігерлік қылмыс: әйел мен екі немересін аяусыз өлтіріп кетті

© Photo : пресс-служба МВД РК
Азияда
Қысқа сілтеме алу
8008 0 0

Қырғызстанда әйел мен оның екі немересін өз үйінде өлтіріп, өртеп жіберді

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Қырғызстанда Нарын облысындағы Көк-Ой ауылында әйел мен екі баланы өз үйінде өлтіріп кетті. Тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай ұстады. 

Жантүршігерлік қылмыс туралы Sputnik Қырғызстан ресаубликаның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Қылмыс 20 желтоқсаннан 21-іне қараған түні болған. 47 жастағы әйелге 29 жастағы танысы келеді, екеуі бірге отырып арақ ішкен. Әйел ұйықтағаннан кейін қаскөй балалардың бөлмесіне барып, төрт жасар қызды зорлап, тұншықтырып өлтіреді. Одан соң екінші бала – жеті жасар ұлды да өлтіреді. Бұдан кейін күдікті ұйықтап жатқан әйелді де тұншықтырып өлтірген. 

Қылмыстың ізін жасыру үшін қанішер пеште жанып жатқан көмірді үйге шашып, қашып кетеді. 

Тәртіп сақшылары екінші күні күдіктінің ізіне түседі. Қазіргі уақытта ол ұсталды. Ішкі істер министрлігі ер адамның фотосын жариялады.

Күдікті
© Photo : Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі
Күдікті

Күдіктінің бұған дейін ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. 

Тақырып бойынша

10 жасар туған қызын аяусыз зорлап келген павлодарлыққа үкім шықты
Ордабасыда үш жасар қызды зорлап өлтірді: әкесі күдікке ілінді
Ауылда 13 жасар қызды зорлап, өлтіргеннен кейін полицейлер жазаланды
Дәрігер ота жасағаннан кейін науқасты зорлап тастады
"Сенбеймін" Оралдық әйелге туған қызын өлтірді деген айып тағылды
Жантүршігерлік оқиға: әйел адам құрбысын қызғаныштан бауыздап өлтірді
Анасын өлтірді: Шымкентте сотталған жігіт "не үшін?" деп жылап жіберді
Он үш жасар бала құрдасын ірімшікпен өлтірді
Кілт сөздер:
зорлау, қылмыс, Қырғызстан
Загрузка...

Басты тақырып