04:42 26 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Әйелдер төбелесі, архивтегі фото

Шындықты біліп қойған әйел күйеуінің көңілдесін қатаң жазалады

© Sputnik / Жоомарт Ураимов
Азияда
Қысқа сілтеме алу
5962 0 0

Жәбірленушінің денесі көгеріп, терісі сыдырылғаны анықталды

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Ташкентте ашуға булыққан әйел күйеуінің көңілдесін қатаң жазаға тартты: ол оны құрбыларымен бірге ұрып-соғып, шашының барлығын дерлік тықырлап қырып тастаған.

Бұл оқиға туралы ақпарат бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған, құқық қорғау органдары мәселенің мән-жайын анықтап жатыр, деп жазды Sputnik Өзбекстан. 

"Бұл оқиға расында да 4 қазан күні Юнусабад ауданында болғанын хабарлаймыз. Жәбірленуші, 27 жастағы Шахзоданың денесі көгеріп, терісі сыдырылған, сот-медициналық сараптама оны жеңіл дене жарақаты деп таныды", — деп хабарлады Ташкенттің Ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі.

Зардап шегушінің арызы бойынша аумақтық профилактикалық инспектор Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 52-бабы 2-тармағы (Жеңіл дене жарақатын салу) бойынша үш әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

"Дегенмен бір айдай уақыттан соң жәбірленуші қайта арызданып, алтын бұйымдары жоғалғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда қосымша ақпарат негізінде Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 277-бабы 2-бөлігі бойынша ("Бұзақылық") қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары барлық тараптың дәлелдерін тексеріп, заңды шешім қабылдайды.  


Тақырып бойынша

Қостанайда 60 жастағы ер адам көңілдесін атып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады
Алматыда көңілдесін өлтірген әйел ұсталды
Ақтөбе тұрғыны ұлын әйелінің көңілдесі екен деп ойлап, пышақтап тастады
Кілт сөздер:
ұсақ бұзақылық, көңілдес, Өзбекстан
Загрузка...

Басты тақырып