18:11 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Азияда
Қысқа сілтеме алу
0 0 0

Toyota Estima жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, MAN жүк көлігіне соқтығысқан

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Қырғызстанда Toyota Estima көлігі бензовозбен соқтығысып, үш адам көз жұмды.  

Қайғылы оқиға Ош — Исфана тасжолында болған, екі адам оқиға орнында, біреуі ауруханада жан тапсырды, деп хабарлады Ош облысының Жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы. 

Апат 6 қаңтар күні таңертең Ноқат ауданының Орнок ауылы аумағында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, минивэн жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, MAN жүк көлігіне соқтығысқан, содан кейін бензовоз жол жиегіндегі дүкенді соққан, деп жазды Sputnik Қырғызстан. 

"Соқтығысу салдарынан оқиға орнында 18 жастағы және 29 жастағы Баткен облысының тұрғындары қаза тапты, 20 жастағы бішкектік ауруханада көз жұмды", — деп хабарлады милиция.

Тағы бес адам аурухаға түсті. Барлық материал Ноқат ІІБ тергеу бөліміне берілді, қажетті сараптамалар жасалып жатыр.   


Тақырып бойынша

Алматыдағы жантүршігерлік апат: 27 жастағы BMW жүргізушісі қаза болды - фото
Экс-полицейдің кесірінен Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда жантүршігерлік апаттан аман қалған актриса есін жиды
Кілт сөздер:
видео, жол апаты, Қырғызстан
Загрузка...

Басты тақырып