02:53 20 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD382.38
  • EUR428.30
  • RUB5.97

Ауыл тұрғыны өзімен бірге екі баласын өртеп жіберді

CC0 / pixabay.com
Азияда
Қысқа сілтеме алу
4264 0 0

Бішкек қаласы маңындағы ауылдың тұрғыны мұндай қадамға отбасылық проблемалар салдарынан барған

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Қырғызстанда әйел бензин сатып алып, балалары отырған үйге от қойып, өзі де өртеніп кетті. 

Олардың айтуынша, 12 ақпан күні Таш-Добо ауылындағы үйлердің бірінен өрт шыққан. Оқиға орнына келген жедел қызметкерлер екі бала мен олардың анасының мәйітін тауып алады. Бұл туралы Kaktus.media редакциясына күштік құрылым қызметкерлері хабарлаған.   

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел бензин сатып әкеліп, үйге төгіп, оны өртеген. Осы кезде ол үйде екі кішкентай баласымен бірге болғаны анықталды.    

Кейбір деректерге сүйенсек, әйел мұндай қадамға отбасылық проблемалар салдарынан барған. Күштік құрылым қызметкерлерінің айтуынша, "оның психологиясында ауытқу болған, сонымен бірге, ол саңырау ретінде тіркелген (кейінірек әйел мен оның күйеуі есту қабілеті бойынша мүгедектік алғаны белгілі болды – редация ескерт.).

 Шу облысының ішкі істер бас басқармасы қоңырау сағат 16:15-те түскенін хабарлады. Жедел-тергеу тобы үш мәйіт тапқан. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Тақырып бойынша

Батыс Қазақстандағы жантүршігерлік қылмыс: ер адам үш ауылдасын өлтіріп, өртеп жіберген
Ойнап жүрген балалар сәбидің үстіне жанғыш сұйықтық шашып, өртеп жіберді
"Келесі сенсің!" Шөпті өртеп, хат қалдырып жүрген қаскөй бүкіл ауылды үрейде ұстап отыр
Әйеліне ерегіскен ер адам төрт жасар баласын тірідей өртеп жіберді
Загрузка...

Басты тақырып