Әлем

Мирзиёевтің күзеті танымал әншінің концертін бел ортасынан тоқтатып қойды

© Photo : Рixabay/SimonephМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лолитаның Ташкенттегі концертінде әншінің микрофоны кенет істен шыққан

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Ресей әншісі Лолита өзінің Instagram-дағы парақшасында Ташкенттегі концерті кезінде болған қызықты оқиға жайлы әңгімелеп берді.

Әртіс сахнада ән айтып тұрғанда кенеттен оның микрофоны істен шыққан.

"Біздің жанымызда президент сарайы орналасқан болып шықты, ол жұмыстан шыққан екен. Оның күзет қызметінің жиілігі біздің микрофонның таратқыш жиілігімен сәйкес келіп қалған. Осылайша 10 минут бойы әңгімемен залдың көңілін көтеруге тура келді", - деп жазды әнші.

Ол бұл жағдай қатты уайымға салғанын және шығармашылығы үшін нағыз сынақ болғанын атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Лолита Милявская (@lolitamilyavskaya)

Лолита қолайсыздыққа қарамастан қол шапалақтап, қолдау көрсетіп, жылы сөздер айтқаны үшін көрермендерге алғыс білдірді.

Лолита Милявская – Ресей шоу-бизнесінің жарқын өкілі, эстрада әншісі, тележүргізуші және актриса.  

Жаңалықтар
0