17:11 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Қытай полициясы

Қытайда жазықсыз 5 адамды атып тастады

© REUTERS / Thomas Peter
Азияда
Қысқа сілтеме алу
1020 0 0

Қытайдың өңірлік прокуратурасы оқиғаны тергеуді бақылауға алған

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Қытай тұрғыны жазықсыз бес адамды атып тастады. Бұл оқиға Ішкі Моңғолия автономды ауданында болған, деп хабарлайды ABC порталы.

25 наурыз күні Кайлу уезінде 44 жастағы қарулы ер адам атыс шығарыпты. Әуелі өзі жұмыс істейтін су тазарту станциясында екі жұмысшыны атып өлтіреді. Тағы үш адамды сол маңдағы көшелердің бірінде қырып салған.

Жергілікті полиция күдіктіні бір сағат ішінде ұстады. Тәртіп сақшылары қарулы ер адамға оқ атып, жарақаттауға мәжбүр болыпты. Шабуыл ұйымдастырған қылмыскердің не үшін мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз.

Басылым атап өткендей, мұндай қылмыс Қытайда өте сирек кездеседі, себебі азаматтарға заң бойынша оқ ататын қару ұстауға тыйым салынған. Бастапқы деректерге сүйенсек, күдікті қаруды заңсыз сатып алған көрінеді.

Жаңа Зеландия мешітіндегі қырғын: лаңкес әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізген

Тунляо қалалық округінің прокуратурасы бұл істі ерекше бақылауына алды. Қазір күдікті қамауда, тергеу жүргізіліп жатыр.

Желіде шабуылдан соң түсірілген видео жарияланған.

Еске сала кетсек, Қытайда биыл қаңтар айында ер адам бастауыш мектепке шабуыл жасап, 20 бала зардап шеккен болатын.

Тақырып бойынша

Қытайда екі метрлік жұмбақ жаратылыс жұрттың үрейін ұшырды
Қытайдан әкелінді делінген "резеңке" жұмыртқаның құпиясы ашылды – видео
Полицейлер Қытай азаматтарының Қазақстанға заңсыз көші-қонын ұйымдастырған
Қытайда тағы бір қазақстандық студент қыз ұсталды
Қытайда жойқын жарылыс салдарынан жер сілкініп, 64 адам ажал құшты
Кілт сөздер:
видео, Қытай, атыс
Загрузка...

Басты тақырып